| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марат Ілиясов | |||
Сағыныш толы жүректің,
Арманы сенсің – Алтынай.
Мендегі жарқын тілектің,
Қорғаны сенсің – Алтынай.
Алтынай, Алтынай,
Ақ маралдай керілген
Ақ дидарлы көркің-ай.
Аяулы нәзік сезімнің,
Саясы сенсің – Алтынай.
Асылдай берік төзімнің,
Аясы сенсің – Алтынай.
Қарасам көзім талмайтын,
Ләззатым сенсің – Алтынай.
Мәңгілік шөлім қанбайтын,
Шәрбатым сенсің – Алтынай.
Алтынай, Алтынай,
Ақ маралдай керілген
Ақ дидарлы көркің-ай.
Алтынай, Алтынай,
Аңсаумен өтіп барады-ай,
Сенсіз өткен әр күн-ай...