№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Еркін Нұрымбетов | |||
2. | Нұрбибі Омарова |
Асыл болса, тас та жерде жатпайды.
Кімге байлық, ал кімдерге бақ қайғы?
Туған жерде жалаң аяқ жүрсең де,
Тікені оның табаныңа батпайды.
О-оу, батпайды.
А-а-а, А-а-а. Туған жерде батпайды, батпайды.
Асыл болса, тас та жерде жатпайды.
Кімге атақ, ал кімдерге тақ қайғы?
Туған жерде жалғыз-жарым жүрсең де,
Ең қабаған иті де оның қаппайды.
О-оу, қаппайды.
А-а-а, А-а-а. Туған жерде қаппайды, қаппайды.
Асыл болса, тас та жерде жатпайды.
Кімдер кімді мақтайды да даттайды?
Қыл көпірден өтер болсаң егер де,
Туған жердің рухы өзі сақтайды.
О-оу, сақтайды.
А-а-а, А-а-а. Туған жердің сақтайды, сақтайды.
Асыл болса, тас та жерде жатпайды.
Өзін білмей кім-кімге мін тақпайды?
Қателік пен кемдігіңді кешірген
Туған елің сені ешқашан сатпайды.
О-оу, сатпайды.
А-а-а, А-а-а. Туған елің сатпайды, сатпайды.
Асыл болса, тас та жерде жатпайды.
Су ақпаған жерден су да ақпайды.
Қайда жүрсе қасиетіңе бас иген
Бұл перзентің қарызыңды ақтайды…
О-оу, ақтайды.
А-а-а, А-а-а. Бұл перзентің ақтайды, ақтайды…