№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Болатқали Төлебаев | |||
2. | Еркін Нұрымбетов |
Жайығым, менің Жайығым,
Тербелді сенде қайығым.
Ән менен күйдің ордасы
Өлеңмен сенде байыдым,
Қайран Жайығым, арман Жайығым.
Өзеннің ерек, дарасың,
Аққулар қимай қарасын.
Қос жағаң сенің – қос құрлық,
Жатырсың қосып арасын,
Қайран Жайығым, арман Жайығым.
Қайырмасы:
Жайығым – елге Анасың,
Анасың әрі панасың.
Қайран Жайығым, Жайығым.
Даланың шөлін қандырып,
Сырына елдің қанасың,
Арман Жайығым, Жайығым.
Жайығым, ерке өзенім,
Атырау, Орал – өз елім.
Құт мекен болған қазаққа,
Жайығым ортақ өзегім,
Қайран Жайығым, арман Жайығым.
Айналаң қазақ даласы,
Мекендер қазақ баласы.
Жайылып аққан Жайыққа
Басқаның бекер таласы,
Қайран Жайығым, арман Жайығым.
Қайырмасы