№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Еркін Нұрымбетов | |||
2. | Құмарбек Сыдықов |
Жан әкем – әнім, күйім, жырым менің,
Сен мені – қуанышым, нұрым – дедің.
Қалт бассам, – қадамымды қадағалап,
Жақсыма – жадырадың, күлімдедің.
Қайырмасы:
Жан әкем,
Жан әкем!
Жүрші жайнап, жасара.
Ардақтап
Әндетем,
Аман болшы қашанда!
Нәр алып өзің еккен несібеден,
Қосылдым үлкен өнер көшіне мен.
Өзіңмен мақтанамын, шаттанамын,
Өзіңмен өркен жайып, өсіп-өнем.
Қайырмасы
Сен барда аулақпын мен нала-мұңнан,
Шықпайсың, асыл әке, назарымнан.
Күн кешем – өтесем деп парызымды,
Таттырып жеміс дәмін базарымнан.
Қайырмасы