№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жарылқасын Боранбаев | |||
2. | Марат Ілиясов |
Қайран елім қазағым, кең жерім менің,
Тау мен дала ұласқан белдерім менің.
Тілім, дінім, салтымды сақтап қалған,
Көк байрақты көтерген ерлерім менің.
Қайырмасы:
Қауымдасқан таулар-ай,
Бауыр басқан баулар-ай,
Туып-өскен жерім-ай,
Қазақ елім-ай.
Қариялар қарсы алар өңін бермеген,
Дастарханын жаяды керім жеңгелер.
Қымыз толы кеседей ақ пейілменен,
Ықыласқа, шіркін-ай, не бар тең келер!?
Қайырмасы
Қаумаласа қарындас, қимас інілер,
Қай-қайдағы сөзді айтып құрдас күлімдер.
Ғұмыр тойын жасаған жанға ұқсайсың,
Кірпігіңе ып-ыстық бір жас ілінер...
Қайырмасы