MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Қарашаңырағым
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№3, 13 қараша 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Еркін Нұрымбетов
2.Мұнайдар Балмолда
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Балалық шақтың сәулесі сенде,

Тәтті күндердің тәубесі сенде.

Көзімді жұмсам көркем бір әлем,

Күлімдеп қарап тұрады төрде.

 

Қайырмасы:

Қарашаңырағым, сағынамын,

Қалай сағыныштан арыламын?!

Саған басым сүйеп, ақбосағам,

Кетсең, құшағыңнан табыламын.

Ыстық құшағыңнан табыламын.

 

Бір кезгі әкем жасына келдім,

Көзіме оттай басыла бердің.

Ақсақал көріп амандасқандый,

Балаларыммен қасыңа келдім.

 

Қайырмасы

 

Есіңде шығар балаң қылығым,

Талай сүрінген табалдырығым?!

Алтын қабырғам, асқар тау әкем,

Сақтаған асыл анам жылуын.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика