| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Ерболат Төлегенов | |||
| 2. | Марат Ілиясов | |||
Жадымда жатталдың да,
Ән болып қалықтадың.
Мен сені қақпа алдында,
Күтуден жалықпадым.
Қайырмасы:
Ай жұлдыз емес пе едің,
Жайқалған жан арманым.
Сен менен алыстадың,
Мен сені таба алмадым.
Күн сайын жұмбақталып,
Сағым боп бұлдырадың.
Тұрсам да сырды ақтарып,
Көңілсіз тұнжырадың.
Қайырмасы
Нәзік-ау гүл арманың,
Ақ шуақ кезеңдермен.
Сезілер жаралғаның,
Тәтті бір сезімдерден.
Қайырмасы