| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Асхат Маемиров | |||
| 2. | Еркін Нұрымбетов | |||
Тарихы тамыр тартқан ғасырлардан,
Шалқыған күй шертеді жасыл ғалам.
Махамбет, Құрманғазы ізі қалған,
Оралым – айналайын, асыл қалам.
Қайырмасы:
Аралап Ақжайықтың арман бағын,
Сүйсініп келбетіне таңданамын.
Оралым – асыл қалам саған мәңгі,
Перзенттік махаббаттан ән арнадым.
Пір тұтқан адалдық пен ізгілікті,
Бақытты сәби үні мүзды ерітті.
Арулар мекенісің – сұлу Орал
Тудырған Ер-Мәншүк пен Қызжібекті.
Қайырмасы
Табынар бұрынғы өткен бабасына
Елдікті аманаттар баласына.
Келеді қанат жайып Ару қала,
Шаған мен Ақжайықтың жағасында.
Қайырмасы