| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Ақұштап Бақтыгереева | |||
| 2. | Еркін Нұрымбетов | |||
Неткен кеңсің туған далам байтағым,
Сенің жырың ертелі-кеш айтарым.
Әлем кезіп, сапар шексем өзіңнің
Құшағыңды аңсап қана айтамын,
Сені аңсап қайтамын.
Қайырмасы:
А-а-ай, Отаным –
Қайда барсам, сені аңсап
Сағыныштан қайта жетем-ай.
Туып өскен, ғұмыр кешкен,
Арман қуған бала мекен-ай,
Менің мәңгі Отаным –
Бабалардан қалған мұра,
Туған Далам екен-ай.
Беу, беу, беу, Отаным!
Тұрса соғып аңызақ жел, күйіп құм,
Күмбір қаққан домбырадан күй ұқтым.
Жұмыр жердің барсаң қанша шетіне,
Сенен артық мекен болмас, сүйіктім,
Артық болмас, сүйіктім!
Қайырмасы