№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Еркін Нұрымбетов | |||
2. | Ғайсағали Сейтақ |
Беу, Теректі,
Көп-ау сенің тарланың,
Ен байлық пен құтқа толы жан-жағың.
Шалқып жатса Шалқар көлің шипалы,
Аңқылдаған Ақ Жайығы Хамзаның.
Қайырмасы:
Теректі толқыны тербейді,
Шағала қанатын сермейді.
Өзің деп тіл қатам күн сайын,
Басқа жер түсіме енбейді,
Теректім!
Жас ұрпағың тарихыңнан сыр аулар,
Жібір сонда көңілдегі қыраулар.
Ат ойнатса Қобыланды батырың,
Сайрап өткен Марабайдай жыраулар.
Қайырмасы
Күн аспаннан қолын созып,
Ай күлді,
Аққуларың ажарлы еткен айдынды.
Ораздайын қайраткерің қаншама,
Ақұштаптай ақының бар айбынды.
Қайырмасы
Беу, Теректі,
Айнала – өзен,
Ну орман,
Көркіңе мәз халқың мынау қуанған.
Атамекен жайнап тұрса өзіңдей,
Қазағымның желбірейді туы алдан.
Қайырмасы