MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Туған жерім – Аққозым
Әннің атауы
Әннің атауы:
Туған жерім – Аққозым
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№3, 13 қараша 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Еркін Нұрымбетов
2.Шолпан Қыдырниязова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Аққозы батыр жайлаған,

Тарихқа куә сай-далам.

Егемен елдің бөлшегі –

Құт мекен Қоржын жайнаған.

Ақкөлім қандай шалқыған,

Көгінде қыран қалқыған.

Жомарты жолда отырар

Айналдым ауыл салтынан.

 

Қайырмасы:

Бақыт та өзің, бақ та өзің,

Жалынды жастық шақ та өзің.

Сағынып жүрек сыздайды,

Көрмесем сені – Аққозым,

Аққозым, менің Аққозым.

 

Сызылтып қурай, шилері,

Ұзақтың тартса күйлерін.

Ғажайып әсем күйге еніп,

Келеді шалқып билегім.

Қаздармен бірге қаңқылдап,

Өзенді бойлар салқындап.

Ағалар қандай ақжарқын

Алдымнан шығар аңқылдап.             

 

Қайырмасы

 

Жақсыбай, Жарлы толқынын,

Анамдай құшып толқыдым.

Аймалап сүйген сәттерім, 

Аңсарым енді сол күнім.

Әдемі әзіл жыр құрап,

Құрдастар күткен шұрқырап,

Жеңгелер жүрер желпініп

Бауырсақ исі бұрқырап.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика