№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Нүрила Бектемірова | |||
2. | Әли Алпысбаев |
Жан жолдасым, бірге жүрген сырласым,
Жырымызды сезім көктем тыңдасын,
Көңілін бай, жанның дарқан адамсың,
Бауырымдай ыстық маған, сыйласым.
Қайырмасы:
Бақытты бол, бақытты бол, бауырым,
Сағынып жүр, сағынып жүр ауылың.
Қайда жүрсен аман бол, асқарым,
Таусылмасын мереке-той, сауығың.
Заңғар болсын шыққан бүгін биігің,
Ұмытпа мұнда, берекелі бір үйің.
Қоштасудың, жақсы күні, нұр шашқан,
Қымбат жанмен білдік бүгін қиянын.
Қайырмасы
Жан жолдасым, қанатың мәңгі талмасын,
Ұлы дәуір бір өзінді таңдасын.
Шабысы бөлек өмір деген жарыста,
Ісіңді әр кез жақсы сезім қолдасын.
Қайырмасы