| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Мұратхан Егінбаев | |||
| 2. | Құмарбек Сыдықов | |||
Жайлаудың кең төскейін бөктерлетіп,
Келемін қиялымды көкке өрлетіп,
Арманның әуенімен жарасқандай
Желпиді қоңыр самал шөп тербетіп.
Астымда алқарекер ойнақтаған,
Тау-төбе қарайтындай бойлап маған.
Раушан гүл таң нұрымен таранғанда,
Еркем-ау, өзің бе деп ойлап қалам.
Келемін әуен аулап әр шағылдан,
Көңілді ән баурайды жар сағынған,
Елеңдеп алыс бетке жаутаңдаймын,
Назданып сен шығардай қарсы алдымнан.