№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Аңсар Мұсаханов | |||
2. | Әли Алпысбаев |
Сарқылмайтын асыл арнам, қазынам,
Ай бетіне есімің боп жазылам .
Алыс жүрсем жаным менің өзіңнен,
Жалғыз қалған аққудай боп сезінем
Қайырмасы:
Күнім жанарымның нұрысың,
Жаным көңілімнің гүлісің.
Мөлдіреген қара көзің жан - жарым,
Осы әнімді, тек өзіңе арнадым!
Бақ құсым деп сөз маржанын теремін,
Еркелеген елігіме теңедім.
Өрнек салып айдын шалқар көлдерге,
Өзіңменен еркін жүзіп келемін.
Қайырмасы