№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Әли Ысқабай |
Қызғалдақтай қызымның жанын арбап,
Тағдыр қосқан өмірлік жарын таңдап,
Күйубалаң иілсе алдына кеп,
Қуанасың шаттықтың әнін жалғап.
Нар тұлғадай асырып ар-айбынын,
Төге білсе әр кезде арай нұрын,
Пайғамбар да күйеуін сыйлағандай,
Ай жүзіне сүйсініп қараймын мың
Қайырмасы:
Ізетті күйеуің -
Тірегің,сүйеуің.
Танытса ол білігін,
Ұзарып құрығын,
Шайқалмай тұнығың.
Өркендер ұлығын
Куйеу де бір ұлың-
Жүз жылдық ғұмырың,
Онымен мақтанып,
Жүресің шаттанып.
Сыйласудың ең керім алтын тағы,
Дәстүрлерін қазақтың салтындағы
Сақтай білген күйеулер марқайтады,
Жақын тартып жүретін жатын-дағы.
Ақ жалауын жанының желбіретіп,
Ілтипатпен жүректі елжіретіп,
Марқасқалық танытқан нар жігітті
Алақанда ұстарсың үлпілдетіп
Қайырмасы
Жылпың қақпай мардымсып ептілікпен,
Көңіл қалар сөз айтпай беттілікпен,
Жаз күніндей жарқылдап жүрген күйеу,
Ізеттілік көрсетер тектілікпен
Тілінді алып, үлкенді құлай танып,
Жүрген күйеу баршаға ұнайды анық
Көтересің төбеңе өз ұлыңдай,
Маңдайынан сүйесің мың айналып.
Қайырмасы