№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Әміре Әрін |
Құдаларым алтын жаға,
Тамыр тартқан салтым жаңа.
Көргендінің қызын алып,
Бұтақ жаймақ жарқын дара.
Құдайындай құрмет тұтып,
Құда күткен халқым дана.
Қайырмасы:
Құдалар-ау, құдалар!
Бастау алды тұмалар.
Қызы бардың – назы болар,
Ұлы бардың – сазы болар.
Жұптасып ап самғай берер,
Қанаттарын жазып олар.
Құдашалар қайда екен,
Қалжыңымды құп алар.
Қолға қонып балапаны,
Өз балаң боп саналады.
Қос жүректер бірге соғып,
Ақ тілекпен таң атады.
Күйеу бала жүз жылдық боп,
Жалпақ жұртқа жарасады.
Қайырмасы
Құйрық, бауыр бас табағым,
Жалғасады қос табағың.
Қымыз, шұбат, құрт пен майың,
Қазақ салған асқа бәрін.
Мың жылдыққа құда болдық,
Шырқатайық жастар әнін.
Қайырмасы