MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Махаббат аралы
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№4, 1 желтоқсан 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мұратхан Егінбаев
2.Самат Слямгазин
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Сүйгендер елінде,

Ғашықтар көлінде,

Аңсаған өмірде,

Кезіктім теңіме.

Сезілді ғашықтық,

Көруге асықтық,

Жақындау болса да,

Арада қашықтық.

 

Ғашықтың Маралы,

Аққудай тамағы,

Көлдегі тәрізді,

Махаббат аралы.

 

Ол орта белінде,

Мен жаға шетінде,

Көлге мен сүңгідім,

Қасына жетуге.

Жарқ етіп жанары,

Жалт етіп қарады,

Ғашығын ол іздеп,

Аралып жағаны.

 

Сүйіктім, Маралым,

Махаббат аралым,

Мен жүзіп айдында,

Өзіңе барамын.

 

Болғанын қаладым,

Өзіңдей ананың,

Бұйырса өмірге,

Келетін баланың.

Сүйгенім Маралым,

Өмірлік қалауым,

Сөнбеші мәңгілік,

Махаббат алауым.

 

Сен қалшы өмірде,

Сүйікті марал боп,

Ғашықтар көлінде,

Махаббат арал боп.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика