MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Сағыныш
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№4, 1 желтоқсан 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Гүлмира Сарина
2.Төлеген Айбергенов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Көркімді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң?!

Шын інім болсаң бас ұрма, жаным, өсек ғайбатқа бораған.

Қажет жерінде қатігездік пен қаталдық керек десек те,

Адамның заңғар ұлылығын сен сағынышыңмен есепте.

 

Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң қосыла алмайсың қатарға,

Әуелі әбден сағынып алмай, шығушы болма сапарға.

Сағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай,

Бұлбұлдың даусын есіте алмайсың, бауларға кірсең сағынбай.

 

Сағынбай барсаң таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,

Ойлауы мүмкін дүниені мынау кеткен екен тас қаптап.

Үмітке толы, арманға толы әр жерде бір түп қарағай,

Сағынбай жүрсе қалуы мүмкін жамырасуға жарамай.

 

Биікте тұрған таулар да мынау нұрына таңның боялған,

Сені мен менің ғасырлап күткен сағынышымнан оянған.

Бабалар бізді сағынған, жаным, арманның аңсап биігін,

Әжелер бізді сағынған, жаным, талдырып асқар иығын.

 

Көкірегіңде сағыныш барда мұрат та сенде бар, жаным,

Алдыңда тұрған қыраттың сағын көрінбей жатқан ар жағын.

Жазира белдер қуанышыңды болмасын мәңгі шектемек,

Алдыңнан орман кес-кестеп шықса, сағынышыңмен көктеп өт.

 

О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан,

Ондағы жандар көз ашпас еді-ау сағыну менен шаршаудан.

Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық, беу, дүние,

Тұратын түгел сағыну менен, сағыну менен аңсаудан.

 

Сағыныш деген молшылық қазына бола да берер артық кем,

Ал нағыз асқақ сағыныштарда араның балы бар тіптен.

Мен мынау ыстық жүрегімменен қара тасты да сағынам,

Қаланып қалса, қаланып қалса, қаланып қалса тәртіппен.

 

Мен бүгін сонау көгілдір көлге сағынып ұшып барамын,

Бірге қанат қақ, қасымнан қалмай сағынып көрген, қарағым.

Жалғасын сен айт бұл асқақ әннің, жабылып кетсем мен егер,

Ғұлама жылдар, ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика