| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Жанар Рахимова | |||
| 2. | Әли Алпысбаев | |||
Бесік жыры болған – ән,
Анам салған абзал – ән.
Тау мен тасты жаңғыртып,
Тарихымды толғаған.
Беташарым болған – ән.
Тойдың сәні болған – ән.
Қыз – боз бала жарасып,
Махабатты жырлаған.
Ата мұра болған – ән,
Жан – жағымыз толған – ән.
Касиетті халқымның
Әуендетіп салған – ән.
Қайырмасы:
А-хау!
Бабалар айтқан – әсем ән.
А-хау!
Ғасырдан жеткен – әсем ән.