| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Төлеуғазы Бейсембеков | |||
| 2. | Әли Алпысбаев | |||
Сен екеуміз кездескенде бақытты,
Сезінеміз, байқамаймыз уақытты.
Күлімдеген көздерінен көремін,
Ұшқын шашып жалтылдаған жақұтты.
Қайырмасы:
Жаным дейсің, күнім дейсің,
Гүл бергенде дірілдейсің.
Мейріммен күлімдейсін-ай,
Жарқын сәттер ортасында.
Өмір бойы, бол қасымда-ай,
Бол қасымда – ай!
Сен екеуміз қос аққудай таранған,
Жұбымызды жазбасақ сол- бар арман.
Киелі құс аққулардай болайық,
Махаббат пәк сезімнен жаралған.
Қайырмасы