№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Абай Құнанбаев | |||
2. | Мұратхан Егінбаев |
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшәт бөрік, ақ тамақ қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.
Беу, бұраң бел, бойы сұлу кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен-саяқ.
Піскен алма секілді тәтті қызды,
Боламын да тұрамын көргендей-ақ.
Аласы аз қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын.
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?
Беу, егер де қолың тисе білегіне,
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң тамағына
Шымырлап бу енеді сүйегіңе.