| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтын Маханбетова | |||
| 2. | Толқын Қабылша | |||
Сәбиім сұлу періштем,
Сенімен сәнім келіскен.
Өзіңді сүю арқылы,
Өмірде сүйем тегіс мен.
Қайырмасы:
Арманым болып арайлы,
Жүзіңнен шуақ тарайды.
Сәбиім сенің нұр-күлкің,
Бақытқа бөлер маңайды.
Өзіңсің шалқар шаттығым,
Жайқалған бақта ақ гүлім.
Тәңірдің өзі тәу еткен,
Парасаты мен пәктігін.
Алақандағы ай-нұрым,
Сарқылмас бақыт байлығым
Адалдығымның айнасы,
Аққулар қонған айдыным.
Қайырмасы