№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтын Маханбетова | |||
2. | Жақсыгүл Қалжанова |
Табиғаты таңғажайып жаралған,
Жан шуағы жақсылықтан нәр алған.
Аналардың арқасында ұрпақтың
Жалғастығы мәңгілікке саналған.
Қайырмасы:
Жанашырым, тілеулесім,
Ана – ақыл, ана – күйші.
Сырлас болсам замандасым.
Ана – әкім, ана – биші,
Дәрігер де, ғалым дана,
Ана – ұстаз тәрбиеші.
Мейірім мен сый-құрметке бөленген,
Пейіліңнің кеңдігімен еренген.
Жұмағы да табанының астында
Деген сөзден сыр ұқтырар тереңнен.
Қайырмасы
Ақ жаулығын адалдыққа тән көрген,
Талғамыма сұлу сезім сән берген.
Төзімділік, имандылық жолында
Жан болар ма аналарға тең келген.
Қайырмасы