№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтын Маханбетова | |||
2. | Жақсыгүл Қалжанова |
Махаббат жылуын беретін,
Болашақ бағына сенетін.
Ана ғой бала үшін аянбай,
Әрдайым маңдай тер төгетін.
Ұрпаққа арнаумен тілегін,
Бейнетке батырып білегін.
Ана ғой бала үшін ойланбай,
Жолына тігетін жүрегін.
Қайырмасы:
Анаңды теңе де күнге сен,
Жаныңды нұрландыр күнде сен.
Жан гүлің жайқалып өспейді,
Шуағын сезбесең, білмесең.
Сөздерін сіңіріп санаға,
Айналып ақылша данаға.
Ана ғой жүретін жалықпай,
Жақсылық үйретіп балаға.
Береке-бірлігің болатын,
Пейіліне бақ құсы қонатын.
Ана ғой мейірімін төккенде,
Қатерден қорғап та қалатын.
Қайырмасы