MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Аналар күні
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№5, 19 желтоқсан 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Абдрахман Асылбеков
2.Алтын Маханбетова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Көгімнің күні,

Төгіліп нұры,

Ұқсайды асыл анаға.

Ананың сөзі,

Дананың сөзі,

Ақылын берген балаға.

 

Қайырмасы:

Сыйлайық гүлді,

Төгейік жырды

Көңілдер көкке шарықтап.

Басайық әнге,

Жасайық мәңгі,

Көгершін болып қалықтап!

 

Даламның лебі,

Ананың демі

Жүректі желпіп өсірген.

Ананың ұлы,

Даланың гүлі

Аялап бағып өсірген.

 

Қайырмасы

 

Тірліктің көзі,

Бірліктің өзі,

Ана мен көркем балалар.

Өмірдің мәні,

Көңілдің әні,

Жасасын мәңгі аналар!

 

Елімнің таңы,

Жерімнің сәні.

Жайқалған байлық береке.

Аналар үшін,

Балалар үшін,

Қуаныш әр күн береке.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика