№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтын Маханбетова | |||
2. | Толқын Қабылша |
Бәлкім ғажап түс көрдім.
Сүйгенім де, сенгенім де кәміл-ді
Дәл осылай үйлесе ме түс пен мұң?
Таң нұрындай әлдилейтін жанымды,
Сүйдім бе әлде, жүректегі Тәңірді?
Ғашық болдым шүбәсіз…
Тәннің емес, жанның нұрын ұсындым
Кездессе де тағдырдың сан сынағы
Бақ құшуға болмысыммен бекінгем,
Жүрегімнің үнін тыңдап кінәсіз.
Кім түсінді, кім ұқты,
Саф алтындай сабырымды, сырымды
Сақтап келген жүректегі үмітті
Сүйгенім де, сенгенім де, кәміл- ді.
Бүгін тағы мұң тербеді жанымды
Бәлкім ғажап түс көрдім.