№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтын Маханбетова | |||
2. | Жақсыгүл Қалжанова |
Домбыра жеті дыбыс, әріп үшін,
Жеті сөздің басы деп біліп түсін.
Дарынның ой-мақсаты, бақ-ырысың,
Рухымен асқақтата білгені үшін.
Домбыра кейде шалқып, кейде балқып,
Күбірлеп күңіренсе күйге балқып.
Қазақтың даласы мен баласының
Тағдырын қос ішекке қойған тартып.
Қайырмасы:
Қос ішек қос аққудың үнін салып,
Ел ішін қуанышты күйге малып.
Домбыра қос дарынның бірлігіндей,
Бастарын көтеріп тұр дабыл қағып.
Жамбылдың жырыменен егілетін,
Нұрғиса күйіменен төгілетін.
Қуанса – қазағыммен көкке өрлеп,
Қайғырса – қабырғасы сөгілетін.
Домбыра бірде жылап, бірде күлген,
Табиғат тамашасын тоқи білген.
Бірде аң, бірде адам, бірде құс боп,
Құбылса – күйшілері оқи білген.
Жамбыл жыр, Нұрғиса күй тартқан кезде,
Қолынан тастамайтын домбырасын.
Тәуелсіз елдің көшін домбырамен
Ұрпағы ұлы жолға бастағайсың.
Қайырмасы