MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Жан дауысы
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№5, 19 желтоқсан 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мұратхан Егінбаев
2.Несіпбек Айтов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Жүктеу
Ән мәтіні

Қаратаудың көш келеді басынан,

Қаратаудың зар шығады тасынан.

Қаратаудан қара дария құлайды,

Қазағымның көзден аққан жасынан.

 

Қаратаудан шаң шұбайды бұрқырап,

Қара торғай қона алмай жүр шырқырап.

Қаратаудай күңіренесің қазағым,

Күні бүгін сай-сүйегің сарқырап.

 

Қайырмасы:

Қасиетті қазағым,

Қасіретті қазағым,

Ұлан-байтақ жерің бар,

Жерден де ауыр азабың,

Анталаған дұшпанның,

Арқаладың мазағын.

Қан қақсатқан дертіңді,

Қайтсем, шіркін, жазамын?

Қаратаудан қайғың зор,

Орап жатыр алдыңды ор,

Жол таппасаң – болдың қор,

Ойлан, ойлан, қазағым!

 

Қаратауда қараторғай мен едім,

Қанатымды талдырумен келемін.

Жетер ме екен қысқа жіптей ғұмырым,

Шарлап ұшсам қасіретіңнің көлемін!?

 

Опасы жоқ өкінішті жалғанда,

Өксіп өткен өмір қанша арманда.

Қалың өртте қалып қойма, қазағым,

Жау жағадан, бөрі етектен алғанда.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика