№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбек Сайдахмет | |||
2. | Алтын Маханбетова |
Балаға мәңгі өмірлік қорған,
Саялы биік бәйтерек болған.
Әкелер еді бағыт пен бағдар
Айқындап берген өмірлік жолдан.
Қайырмасы:
Аяулы менің әкетайым-ай,
Арайлап атсын әркез таңың-ай.
Өмірде мынау балапаныңа
Алтыннан қымбат алақаның-ау.
Уайымы еді-ау баланың бағы,
Бола да білді-ау бала бағбаны.
Аман-сау жүрсе өмір жалғауы,
Болмас-ау сірә, әке арманы.
Асқары биік асу шыңдарға,
Өзіңді теңеп бағалаушы едім.
Сынаққа толы мынау жалғанда,
Жанымда жүрші әкешім менің.
Қайырмасы