| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтын Маханбетова | |||
| 2. | Серік Әбікенұлы | |||
Көктем нәрі бойлаған,
Қызғалдақпыз жайнаған.
Еліктейін ойнаған,
Бұлбұлыңмын сайраған.
Қайырмасы:
Құралайдай сүйкімдің,
Мың бұралған бишіңмін.
Күміс үні тым әсем
Сыңғырлаған күлкімнің.
Ата-ананың еркесі,
Ағасының нәркесі.
Ару қыз боп елестер
Мына әлемнің бейнесі.
Қайырмасы
Қызғалдақ гүл бақ іші,
Мөлдір бұлақ ағысы.
Аялаңдар мәпелеп,
Қыз – халықтың намысы.
Қайырмасы