№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтын Маханбетова | |||
2. | Сайлаубай Тойлыбаев |
Көтеріп өмір салмағын,
Сүюден сені талмадым.
Күттіріп мені ұзақ күн,
Қоңырау неге шалмадың?
Қайырмасы:
Өзіңнен хабар болмай тек,
Телефон соқсам алмайсың.
Күтумен жүрмін дауысыңды,
Телефон неге шалмайсың.
Айтшы сен оның сырларын,
Сұрақ боп ойда тұрғанын.
Кеудемде менің толқиды,
Өзіңе деген жырларым.
Қайырмасы
Жанымды баурап тылсым не,
Құлпырған нәзік гүлсің бе?
Еркелеп маған әдейі,
Өкпелеп әлде жүрсің бе?!
Қайырмасы
Бақытым болып қалғайсың,
Қол созсам көпке самғайсың.
Өшірмей мынау үмітті,
Арманға арман жалғайсың.
Қайырмасы