| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Абдрахман Асылбеков | |||
| 2. | Алтын Маханбетова | |||
Тыңдай білем атамды,
Тыңдай білем апамды.
Сондықтан да атамнан
Алғыс алдым, бата алдым.
Тыңдай білем атамды,
Тыңдай білем апамды.
Сондықтан да апамның
Қолқанаты атандым.
Қайырмасы:
Атам, апам,
Атам, апам,
Ақылшым да қанатым.
Атам, апам,
Атам, апам,
Әнім шырқап салатын.
Тыңдай білем үлкенді,
Құлақ түріп жүргем-ді.
Сондықтан да талай сөз,
Үлкендерден үйренем.
Үйренемін әріпін,
Мақалдардың мәнісін.
Жақсы сөздің бәрін де,
Тыңдай білу ғанибет.
Қайырмасы