| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Болатбек Солтанов | |||
| 2. | Мұратхан Егінбаев | |||
Аққуы Алакөлдің,
Гәккуі дала – төрдің!
Жәудіреп мөлдір жанар,
Еркімді ала бердің.
Қайырмасы:
Тал бойың – балғын құрақ,
Қолаң шаш – тасқын құлап,
Ақ жүзің, ай сәулелі,
Гүл бағың тым мәуелі
Лебімді естігелі
Әнімді тұр-ау сұрап!
Шалқар көл ақ сұқсыры,
Шалқыған шаттық қылы!
Тербетсін ақ айдында,
Толқыған жастық жыры.
Қайырмасы
Қыздар-ай, қазағымның,
Желегі жаз – арудың!
Жырлармын сені, өткенше
Қызуы базарымның.
Қайырмасы