№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Әли Ысқабай |
Бас ауырса қасымнан табыласың,
Шыққанымша сақайып сабыласың,
Дауасы мол ем жасап жүрген сәтте,
Іскерлік қабілетіне табынасын.
Бөліп жарып адамды жатпайсыңдар,
Нұрын шашып шапағат, баптайсыңдар.
Құлан таза кеселден айықтырып,
Қызметте антты берік сақтайсындар.
Қайырмасы:
Шынайы махаббатың,
Шуақты шапағатың,
Көргендер қызығатын
Тап-таза ақ халатың,
Деңсаулық күзетінде,
Құрметті қызметінде,
Ізі бар ізгіліктің
Ықылас - ізетінде.
Жаныма шуақ төгіп,
Бойыма қуат беріп
Жүретін өздеріңе
Сенеміз мият көріп.
Мінезіңмен сыпайы күліп тұрып,
Кесел сырын тексеріп ұғып -біліп,
Мейіріңмен, жып-жылы сөзіңмен-ақ,
Жібересің қайғыны ұмыттырып.
Ажал қаупін өмірге алмастырып,
Нұрлы ғұмыр сыйлайсың жалғастырып,
Емің шипа, сыпайы сөзің жылы,
Құдіретсің қолыңда бар жақсылық.
Қайырмасы
Ізеттілік адами сенде ибасы,
Сауықтырып , ағзаны жан шипасын,
Адал қызмет көрсету - қағидаң боп,
Сендерсіңдер деңсаулық падишасыІ
Жарық өмір сыйлайтын ақ таңымсың,
Шипагерлер абзал жан, мақтаным шын
Шексіз алғыс айтамыз сендерге біз,
Бастарыңа әрдайым бақ дарысын.
Сыпайы қылығынмен,
Жанардың тұнығымен,
Жылытар жүректерді
Жаныңнын жылуымен
Ақ пейіл мінезіңмен,
Жарқын жүз іреңінен,
Нұр шашып тұрғандайың
Ықылас тілегіңнен
Сен ақтап жақсы үмітті,
Жасайсың жақсылықты
Еңбегің жана берсін,
Тілейміз сәттілікті!