MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Димекең туралы ән
Әннің атауы
Әннің атауы:
Димекең туралы ән
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№6, 30 желтоқсан 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мұратхан Егінбаев
2.Сәкен Иманасов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Тағдырың да тамырлас сүйікті елмен,

Көрініпсің кіл ғана биіктерден.

Құдай өзі кеңдікті, кемелдікті,

Бір басыңа аямай үйіп берген.

 

Даңғылына айналып, дабылына,

Даналықпен танылдың бар ұлыға.

Ақылыңның өзін де ара-тұра,

Жеңдіріпсің кемеңгер сабырыңа

 

Қайырмасы:

Ақылдың асыл қайнары,

Қазағымның айбары.

Теміріндей төзімді,

Өміріндей жайдары

Ахметұлы Димекең,

Қонай тегі жыр дастан,

Жұмақа жаны жүр ме екен

Халқына көптеп нұр шашқан.

 

Дос-дұшпаның таба алмай ісіңнен мін,

Әлгілердің алдында кішірмедің.

Өнерін де қазақтың өрге сүйреп,

Беделін де бір елі түсірмедің.

 

Жақындатып жұртыңның жарық таңын,

Қалықтадың биікте, жалықпадың.

Тереңіне бойлапсың дүниенің,

Қайда жүрсең ойлапсың халық қамын.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика