№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Кәкімбек Салықов | |||
2. | Мұратхан Егінбаев |
Жас кезінен жарасқан шыдамдылық,
Қолдап жүрді қадамын Құдай біліп.
Қан майданда оқ кешіп жеңіс көрген,
Қос қанаты талмайтын қыран жігіт.
Ғұмырында Құлагер шабысы бар,
Еділ, Жайық, Іленің ағысы бар.
Таба білер тың жолды сың сағатта,
Қаны – қазақ, Мағжанның намысы бар.
Қайырмасы:
Көкшетаудың түлегі,
Қарағанды тірегі.
Жетісу деп соғып тұр,
Лүпілдеген жүрегі.
Ол – ерекше бағасы,
Елдің сыйлы ағасы.
Қарағанды, Көкшеде, Қызылжарда,
Жетісуда жарқырап ізі қалған.
Саумалкөлдің жігіті сері күнде,
Баянауыл ең ғажап қызын алған.
Айта білсек сыры көп басқа тағы,
Оған куә жұлдызды жақсы атағы.
Не десек те қазақтың Бәйкен-аға,
Асыл тұлға, ардақты ақсақалы.
Қайырмасы