MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Ертістің еркесі
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№6, 30 желтоқсан 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мұратхан Егінбаев
2.Самат Слямгазин
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Сарыарқа жерінен,

Семейге келіп ем.

Көрікті жерлерін,

Қызықтап көріп ем.

Суына Ертістің,

Шомылып мен түстім.

Көзіме жағадан,

Ерке қыз сен түстің.

 

Келбетті сұлуым,

Қазақтың қызының.

Бойыңнан оқыдым,

Сұлулық тізімін.

Ертістің еркесі,

Қасыма сен келші.

Махаббат дертінен,

Тек өзің емдеші.

 

Жүзіңде әдемі,

Сұлулық әлемі.

Арманым өмірде,

Өзіңдей жан еді.

Көңілдер нұр болып,

Өмірге бір болып.

Ғашықтар шырқайтын,

Қалайық жыр болып.

 

Сен келші шешімге,

Бірге өмір сүрейік.

Ертіспен Есілде,

Біз бірге жүзейік.

Өзенде жүзгенде,

Қос білек талмасын.

Ертіспен Есілді,

Қос жүрек жалғасын.

 

Еркесі Семейдің,

Жүр ерте кетейін.

Астана, Есілде,

Мен еркелетейін.

Шуақты күндері,

Жұлдызды түндері.

Астана күтуде,

Табысқан біздерді.

 

Көрікті сән қалам,

Сүйгендер таңдаған.

Жүректер лүпілін,

Үнемі жалғаған.

Белгілі есімің,

Астана, Есілім.

Ғашықтар тербелген,

Махаббат бесігім.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика