№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Ораз Жұмашев |
Халқым-ай, қау ормандай қарапайым,
Көктеткен бәйтерек те, дара қайың.
Қағатын қыранды да топшысынан.
Қалады қашан ғана солақайың.
Ақылға шақырумен аз-кем елін,
Абай да шалдықты ғой, өзгермедің.
Жүрсе де жеті өнерді қатар ұстап,
Жақпапты Пышаны да Жәлменденің.
Қайырмасы:
Парасатқа бойлаған.
Елдің қамын ойлаған.
Жақсылығы көп аңыз,
Жәлменде би бабамыз.
Қайталап бұлбұл құс әнін,
Асыл да туған Пышаның,
Айтуға жетпес бағамыз,
Арманда кеткен данамыз,
Іздесек қайдан табамыз.
Киесін іздеп ғайып, бар ғарыштан,
Көгінде Жетісудың сұңқар ұшқан.
Кезінде сол сұңқардай Жәлменде би,
Қақ жарып қара қылды сұлтан шыққан.
Жанынан жыр-орамал желбіреткен,
Ғашық қып бал әуенге елжіреткен.
Асырып армандарын ғасырларға.
Алды орын Пышаны да әр жүректен.
Қайырмасы
Барады сол бір сырлар тереңденіп,
Ел болдық берекелі кемелденіп.
Тарих та бас игендей бәтуаға,
Тағдырдың тәлкегін де өнер жеңіп.
Жеткендей Жәлмендесі, нақ аңсары,
Нұрланды Бәйшегірдің алау таңы.
Пышанның аққу әні ұшты қалқып,
Бойынан Қараталдың балаусалы.
Қайырмасы