№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Сәкен Иманасов |
Ас қадірі білінер – ашыққанда,
Дос қадірі – дұшпаның жасытқанда.
Махаббаттың не екенін, шаршап, талып,
Аңсап барып түсінер ғашықтар да.
Ел қадірін – есіңнен жаңылғанда,
Жер қадірін білерсің – сағынғанда.
Түйедей боп көрінер түймеңіз де,
Ойда, жоқта жоғалып, табылғанда.
Сүймеген ұл сұлуды қызғанар ма,
Жаздың құны білінер мұздағанда.
Денсаулықтың қадірін сезеді адам,
Басы ауырып, балтыры сыздағанда.
Асыл жардың аңсатып қыз күнгі әні,
Таусылғанда білінер – тұздың дәмі.
Жаз өткенде түседі барып еске,
Алдымызда лайсаң күздің бары.
Өлі балық кезігіп өлмегенге,
Бұлақ суы бал татыр шөлдегенде.
Ағайынның қадірін түсінеміз,
Аулағырақ апарып жерлегенде.