| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Мұратхан Егінбаев | |||
| 2. | Ғабит Тұрсынбайұлы | |||
Ежелгі елім, өр елім,
Шаттықтың күйін төк, елім.
Күн келбетті көркіңнен,
Бақыттың өзін көремін.
Қайырмасы:
Бірлік деп соққан жүрегі,
Бейбіт күн айқын тірегі.
Қазақстан – қастерлім,
Қасиет тұнған нұр елі!
Сәулетті елдің санаты,
Сабыр деп соққан сағаты.
Астана мен Алматым,
Биікке самғар қанатым.
Қайырмасы
Тәуелсіз елдің халқымыз,
Алуан түрлі қалпымыз.
Достықтың туын көтерген,
Жасампаз дәстүр-салтымыз.
Қайырмасы