№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Әли Ысқабай |
Пәк сезімді жаныңның гүлі ашылып,
Айдынына жаңа өмір құлаш ұрып,
Арманыңның ұшырып бақыт құсын,
Құтты орынға барасың ұзатылып.
Отау тіккен, қарағым, қандай бақыт,
Қонғаны деп санағын таудай бақ-құт.
Әдебінен салтыңның аспай артық,
Барған жерге судай сің, балдай батып.
Қайырмасы:
Уа, қызым,
Жақсы ағаш көшетіндей,
Өркендеп өсетіндей,
Кең жайып тамырыңды,
Қоңыр жел есетіндей,
Мол төгіп ақ нұрыңды,
Арттырып қадіріңді,
Қоса ағар қосағыңмен,
Мәңгі етіп тағдырыңды.
Сен барасың кеңейтіп өрісімді,
Жасағаның жайлы етсін қонысыңды.
Тату үйдің тамағы тәтті болар,
Мақтан етіп жүрейік оңды ісіңді.
Өміріңнің жайнатып нұр көктемін,
Көңіліңнің самғатып жыр кептерін,
Барған жерің қуанып: Құт келді деп,
Қызғалдақтай құлпырсын келбетті өңің.
Қайырмасы
Желбіретіп ақ туын махаббаттың,
Тиіп жүрсін еліңе шарапатың.
Оты лаулап жасындай жанарыңның,
Келін атан ізгілік тарататын.
Бақыттысың сен бүгін, бақыттысың,
Жан-жүрегің жаралған жақұттысың.
Биік ұстап отбасы мәртебесін,
Қондырып жүр қолыңа бақыт құсын.
Қайырмасы