№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Әли Ысқабай |
Қызыл алма недеген қызық еді,
Көз алдымда моншақтай тізіледі.
Жел ұшырған бойжеткен бантигіндей,
Піскені ме, топырлап үзіледі.
Күн шуағы дарыған іреңіне,
Қызығасың алманың нұр өңіне.
Ұқтырғандай махаббат тәттілігін,
Түрі ұқсайды қыздардың жүрегіне?!
Қайырмасы:
Қызыл алма қызық алма,
Ұқсайды екен, шіркін-ай, дәмі балға.
Адам сонша қызығар да,
Ұсына ғой алманы қызы барға.
Қүрең қызыл жып-жылтыр сырты қандай,
Қызыл алма жүзіне нұр тұнғандай.
Көз алдыма бір бейне елестейді,
Арасында алманың қыз тұрғандай.
Алма бақта ой қуып елеңдедім,
Алдамайды жан құрбым, келер дедім,
Көптен күткен аңсарым кешіккенде,
Көңіл күйін сондағы сезер ме едің?!
Қайырмасы
Қызыл алма жинадым тізілдіріп,
Күттім сені келер деп жүзің күліп.
Сабағынан үзіліп қызыл алма
Жайнап жатты көзімді сүзілдіріп.
Бұтағына ағаштың тізгінделген,
Қызыққаннан алманы үзгім келген,
Үмітімнің сәулесін көп іздедім,
Елестетіп аруды жүзі күлген.
Қайырмасы