№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Кәкімбек Салықов | |||
2. | Мұратхан Егінбаев |
Осы қыз маған неге көп қарады,
Жүрекке қарашығы от салады.
Жалғанда жаным қалса, жарар еді,
Тірідей неге ішіп, жеп барады.
Осы қыз маған неге көп үңілді,
Бұзбаса жарар еді көңілімді.
Махаббат – деген ауыр сырқат қонып,
Өзгертіп жібере ме өмірімді.
Осы қыз маған неге қадалады,
Қоймаса екі көзі жан алады.
Ай жүзі тұла бойды тебірентті,
Тұтқынға қайран-жүрек қамалады.
Осы қыз маған неге көп қарайды,
Қыймайды, қызықтайды, дос санайды.
Қасынан кетіп қана қалар едім,
Екі аяқ бір басуды қостамайды.
Осы қыз маған неге тесірейді,
Білмеймін ойда жоқта не тілейді.
Құшақтап екі беттен сүйіп алдым,
Оның да шығып кетсін есі мейлі.