№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақберген Асқарбеков | |||
2. | Гүлбақыт Қасен |
Сұлу шаһар, ғажап кентім, бақ қалам,
Нұрға бөлеп, берекемді сақтаған.
Талдықорған, ел өзіңмен мерейлі,
Талдықорған, мен өзіңмен мақтанам.
Қайырмасы:
Жетісудың асқақтатар айбынын,
Жанарыңда өзен-көлім, айдыным.
Саған ғашық көк аспанның жұлдызы,
Еркелесең еркелетер ай, күнім.
Шомылдырар жұпарымен даламды,
Шарлар тынбай қызғалдақ жыр ғаламды.
Алатауды алты айналып өтсем де,
Өзге жерге тірей алман табанды...
Қайырмасы
Жер жұмағы – Жетісудың тұмары,
Махаббатым, жүрегімнің жыр-әні.
Мың тамсанып жұтсам саумал ауасын,
Перзентіңнің қана ала ма құмары?
Қайырмасы
Сұлулығың – ару қыздың ажары,
Әппақ нұрың – бақытымның базары.
Талдықорған, елдің сенде ырысы,
Талдықорған, елдің сенде назары.
Қайырмасы