MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Ұлы Жеңіс
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№6, 30 желтоқсан 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Жұпар Ақтомпышқызы
2.Серікжан Әбдінұров
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Қырғын селін тоқтатқан,

Жақынды , жарды жоқтатқан

Сенім, бейнет ақтатқан,

Отанды, елді сақтатқан.

 

Қан кешіп күткен Жеңіс,

Жан кешіп күткен Жеңіс,

Тарығып жеткен,

Зарығып жеткен,

Сағынып жеткен Жеңіс!

 

Жауды жеңіп жайратқан,

Сан елде бұлбұл сайратқан.

Жерді гүлдей жайнатқан,

Қазанын тойдың қайнатқан.

 

Қан кешіп күткен Жеңіс,

Жан кешіп күткен Жеңіс,

Ерлікпен жеткен,

Өрлікпен жеткен,

Бірлікпен жеткен Жеңіс!

 

Шаттық тойын тойлатқан,

Бақытқа бойды бойлатқан,

Төрде сәби ойнатқан,

Қадірін күннің ойлатқан.

 

Қан кешіп күткен Жеңіс,

Жан кешіп күткен Жеңіс,

Армандап жеткен,

Арайлап  жеткен,

Бірлікпен жеткен Жеңіс!

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика