№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Индира Елубаева | |||
2. | Толқын Қабылша |
Беу, өмір!
Сездірмес сырғып өткенін,
Қол бұлғап, жанымнан қашты көктемім.
Күз болып, сарғайып жатыр жапырақ,
Арманым, бірақ, көп менің,
Көп менің.
Жылдарым!
Жеткізбес асау ағындай,
Уақытқа барасың ғұмыр бағынбай.
Жастықтың шырағы артта лағылдай,
Күндері елес сағымдай,
Күн кешем қалай сағынбай?
Бұл өмір жауапсыз қалған сұрақтар,
Тосады алдыңнан түрлі сынақтар,
Таңдары жаныңнан үнсіз жырақтар,
Жүректе ғана тұрақтар, сұрақтар...
Жылдарым!
Жеткізбес асау ағындай,
Уақытқа барасың ғұмыр бағынбай.
Жастықтың шырағы артта лағылдай,
Күндері елес сағымдай,
Күн кешем қалай сағынбай?