MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Әйел – ғұмыр
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№6, 30 желтоқсан 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Индира Елубаева
2.Толқын Қабылша
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Күн секілді күліп келген әлемге

Көздерінде сәулесі бар ғаламның.

Құдіретті сыйлап Тәңір әйелге,

Тұнық етті тамшысындай жанардың.

 

Ғажайыпқа бөлеу үшін жер бетін

Бәлкім, солай, өзгешелеу туылдық.

Түн қойнында тал бесікті тербетіп,

Таңсәріде таң шығына жуындық.

 

Біздің ғұмыр өзгешелеу, расында.

Мейірім ғой- кеудеміздің дүрсілі.

Ана болсақ, айналамыз асылға.

Бойымызда Жаратқанның тылсымы

 

Жүзімізде жаутаң қағып ізгі үміт

Бақытты ету үшін мына жалғанды

Өшпесін деп жан-тәнімде ізгілік

Біздер кейде тәрк етеміз арманды

 

Солай, солай…

Біздер жұмбақ қауымбыз.

Күлкісімен көздің жасын жасырған

Бәлкім біздер көктем сүйген жауынбыз.

Сағынышы жазмышына бас ұрған.

 

Үмітінің нәзік жібін үзбеген

Шын ынтызар бола алмайтын, сенбесе.

Әр күн сайын, тек жақсылық іздеген

Біздің ғұмыр ғажайып қой, ендеше!

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика