№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Индира Елубаева | |||
2. | Толқын Қабылша |
Үлбіреген үмітімді үзбеумен,
Ай астында тек өзіңді іздеумен.
Сағыныштың сарқып ішіп, бал дәмін,
Сарғаяды, сарғаяды...
Сенсіз менің күз кеудем.
Ынтызар ғып, күн секілді көздерің,
Сездірмеді махаббатын өзгенің,
Арманым-ай, қол создырдың алысқа,
Ғанибетім, ғайып болған ғарышқа.
Аспан астын шарлап келем шарқ ұрып,
Елеңдеп әр дауысқа...
Жұлдыз біткен жұмбақ күйде жымыңдап,
Көз тігеді жанарымнан сыр ұрлап.
Жүрек үнсіз мұңаяды жан сырын,
Тал қайыңға, тал қайыңға
Жапырақ боп сыбырлап.
Ынтызар ғып, күн секілді көздерің,
Сездірмеді махаббатын өзгенің,
Арманым-ай, қол создырдың алысқа,
Ғанибетім, ғайып болған ғарышқа.
Асиан астын шарлап келем шарқ ұрып,
Елеңдеп әр дауысқа...