MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Ауылым – алтын Діңгегім
Әннің атауы
Әннің атауы:
Ауылым – алтын Діңгегім
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№7, 9 ақпан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Серікжамал Әжібекова
2.Ғабит Тұрсынбайұлы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Ауылым – түп қазығым, тірегімсің,

Әрдайым жанымдасың – жүрегімсің.

Балқашқа Жөңке таудан бал сапырып,

Ақсудай арқыраған жыр елісің.

 

Қайырмасы:

Ауылым – алтын Діңгегім,

Сарқылмас мәңгі жыр кенім.

Өзіңнің арқаң туған жер,

Шаттанып, шалқып жүргенім.

 

Алыстап арман қуған дүрмекпенен,

Шет жүрсем қадіріңді білмеп пе екем?

Оралған жыл құсындай мекеніне,

Өзіңді алып ұшып іздеп келем.

 

Қайырмасы

 

Қызығын қанып ішкен Қызылқайың,

Есіме түссе қалай бұзылмайын?

Қарасу қармақ салған сағындырса,

Шомылып қайтушы едім әр жыл сайын.

 

Қайырмасы

 

Қарасай, Қарасырық, Сайжол, Сатан,

Төсіңде түңлік түрген қайран апам.

Тағдырдың тұз бен дәмі біткен күні,

Бауырында төмпешік боп мен де жатам.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика