MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Байрағым биік тұр
Әннің атауы
Әннің атауы:
Байрағым биік тұр
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№7, 9 ақпан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Серікжамал Әжібекова
2.Әли Ысқабай
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Аспандай көгілдір,

Елімнің жалауы.

Күні тұр төгіп нұр,

Жалындап алауы.

Азаттық аңсаған,

Елге бұл шапағат.

Мәңгілік жасаған,

Бұл елдік махаббат.

 

Қайырмасы:

Көк туым киелі –

Тұғыры құрыштан.

Бейбіт күн тиегі –

Көп елмен ұғысқан.

Ұстайды, сүйеді,

Шығармай уыстан.

Осы ту астында,

Топтасқан халықпыз.

Тосын бір тасқынға,

Бой бермес алыппыз.

Намысшыл тегіміз,

Өркенді ел ері біз.

Әлемге танылған,

Астана төріміз.

Гүлденген, түрленген,

Жерімді көріңіз.

 

Байрағым – айғағы,

Елдіктің, ерліктің.

Қыраны айбарлы,

Еркіндік, өрліктің.

Күн сынды өрдегі,

Жүрекке құйып нұр.

Жалтылдап өрнегі,

Асқақтап биік тұр.

 

Қайырмасы

 

Тәуелсіз қазақтың,

Ұл-қызын тербеткен.

Отаным ғажап тым,

Бақ-құтын селдеткен.

Жібек жіп туымды,

Тұнық көк төсіндей.

Биікке көтерем,

Төменге түсірмей.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика